Алматы облысы мәдениет басқармасының басшысы ұсталды
Алмас Абылай
Фото
Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады. Дерекке сүйенсек, облыстың мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысына және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
"Лауазымды тұлға қолма-қол ақшаға айналған және өз қалауы бойынша пайдаланылған бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктенеді. Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Іле ауданының тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік органның басшысы қамауға алынды", - делінген ақпаратта.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.