Алматы облысында 16 жастағы оқушы асылып қалды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Алматы облысы Қарасай ауданында 16 жастағы оқушы мектептен кейін үйіне келіп, кейін асылып қалған деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Пятый регион жазды. Дерекке сүйенсек, оқиға Тұрар ауылында тіркелген. 16 жастағы оқушы үйіне келіп, екі сағаттан кейін асылып қалған күйі табылғаны айтылады.
"Аталған факт қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша ЕРДТ-да тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды", – делінген полиция ақпаратында.
Сонымен қатар, ақпаратта аталмыш аудандағы бұл 4-ші жағдай. Жыл басынан бері өз-өзіне қол жұмсау дерегімен бұған дейін 3 оқушының өлімі тіркелген екен. Әзірге бұл жайттардың арасындағы байланыс бар-жоғы белгісіз. Тергеу жұмыстары жалғасуда.