- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- Алматы облысында 17 жастағы жігітті топ бала тепкіге алып, артынша атып өлтірген
Алматы облысында 17 жастағы жігітті топ бала тепкіге алып, артынша атып өлтірген
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйдібек ауылында 2005 жылғы баланың мәйіті табылды. Ол оқ жарақатынан қайтыс болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов хабарлады. Дерекке сүйенсек, оқиға 5 тамыз түн мезгілінде тіркелген. Бәйдібек би ауылындағы үйлердің ауласынан кәмелет жасына толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы түнгі сағат 1:05-те ақпар түсіпті.
"Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі,14-тармағы бойынша аудандық полициисында тіркелді және сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс - шаралары барысында полиции қызметкерлері оқиғаға қатысы бар 22 баланы анықтады. Оның 9-ы аудандық полицииның УҰИ-на қамалды", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, қайғылы жайттың жастар арасындағы топтық төбелес кезінде болғаны да белгілі болғаны жазылған. Яғни дәл сол күні сағат 00:40-та, Бәйдібек би ауылында жастардың екі тобы, бұрында бір мектепте оқыған оқушылары арасында топтық төбелес болғаны анықталды. Оның барысында кәмелетке толмаған А. оқтан жарақат алып, қайтыс болған.
Айта кетейік, қару күдіктілердің бірінің әкесіне тіркелген. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.