Sunday, 8 September,2024

Алматы облысында 26 жастағы шетел азаматын өлтіріп кеткен

Алмас Абылай
Фото Polisia.kz

Алматы облысында шетел азаматының өлі денесі табылды. Дерек кісі өлтіру бабымен тіркелген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz дерегіне сүйенсек, 14 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы ПБ-ға Қайназар ауылдық округінің аумағындағы ҮАК су арнасынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша полицияда тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу іс-шарасы кезінде қаза тапқан адамның жеке басы анықталды, ол Өзбекстан Республикасының 26 жастағы тумасы болып шықты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 1984 жылғы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін толық мойындады", – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам заңнамада белгіленген тәртіппен қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұсынылатын