Алматы облысында 60 жастағы ер адам оқушы қызды зорлаған
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Алматы облысында оқушы қызды зорлады деген күдікпен 60 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Облыстық полиция дерегіне сүйенсек, оқиға 17 қазан күні Жамбыл ауданында тіркелген. Полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша күдіктіге қылмыстық іс қозғалды.
"17 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу амалдары барысында қылмыс жасады күдікпен 1963 жылы туған Қ есімді азамат анықталып, ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасына санкция беру үшін іс материалдары сотқа жіберілді. Істің тергеу барысын Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы бақылауға алды.