- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- Алматы облысында 8 жасар баланы зорлаған оқушылар ісіне полиция пікір білдірді
Алматы облысында 8 жасар баланы зорлаған оқушылар ісіне полиция пікір білдірді
Алматы облысы Қасымбек ауылындағы бала зорлау фактісіне байланысты полиция пікір білдірді деп хабарлайды Uaqyt.info.
Полиция дерегіне сүйенсек, оқиға 23 наурыз күні болған. Баланың анасы дәл сол күні арызданған. Онда 2015 жылы туылған баласына сексуалдық пиғылда қысым көрсетілгені жазылған. Жәбірленушінің анасы бұл іске 2011 және 2008-ші жылғы балалардың кінәлі екенін көрсеткен.
Облыстық полиция департаментінде арыз бойынша тергеу ісі басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.
"Осы факт бойынша күдікті балалардың бірінің әкесіне, оқиғаның негізгі қатысушысы - 2011 ж.т. кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты әкімшілік кодекстің 127-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұдан басқа, 27.03.2023 ж.тиісті материалдар осы жасөспірімді мамандандырылған мектепке анықтау туралы мәселені қарау үшін уәкілетті органға жіберілді", - делінген полиция ақпаратында.
Еске салайық, бұған дейін мектеп оқушысын 5 сыныптың балалары зорлаған туралы жазылды.