Алматы облысында 81 жастағы әжені тұншықтырып, тонап кетті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Алматы облысында зейнеткерді екі жігіт тонап кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ҚР ІІМ мәліметінше, тонау дерегі Еңбекшіқазақ ауданында болған. 1978 және 1989 жылғы екі азамат 81 жастағы әйелдің ауласына кіріп, тұншықтырған. Есін жоғалтқан сәтін пайдаланған олар әженің ұялы телефонын және ақшасын қолды қылады. Жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілер қолға түсті.
“28 қаңтар күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1978 және 1989 жылдары туған екі Алматы тұрғыны ұсталды. Олар өз қылмыстарын толығымен мойындаған”, - делінген мәліметте.
Ұрылардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.