Алматы облысында әйел ер адамды жүк көлігінің астына итеріп жіберді
Алматы-Бішкек тас жолының бойында ер адам қаза тапты. Марқұмды жанындағы әйел жүріп келе жатқан жүк көлігінің астына итеріп жіберген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алматы облысы Полиция департаменті басшысы Бауыржан Әленовтің айтуынша, қайғылы оқиға 30 қазанда болған.
"2023 жылдың 30 қазанында Қарасай ауданының Полиция басқармасына Алматы-Бішкек тасжолында Volvo жүк көлігі жүргізушісі белгісіз ер адамды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру кезінде әйел ер адамды жүк көлігі астына итеріп жібергені анықталды. Жедел іздестіру шаралары барысында 1963 жылы туған әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Бауыржан Әленов.