Saturday, 23 November,2024

Алматы облысында әйел мен оның 2 баласын өлтіріп, үйін өртеп жіберген

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Алматы облысында әйел мен екі кішкентай баланы айуандықпен өлтіру дерегі тіркелді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оқиға Іле ауданы Ащыбұлақ ауылында болған. Полиция дерегіне сүйенсек, ауылдағы бір үйден өрттен кейін зорлық-зомбылық белгілері бар К. есімді азаматша мен оның екі баласының мәйіті табылған.

"Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Бүкіл аудандық полиция бөлімшелеріне және көршілес өңір полициясына ақпарат жолданды", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Айтуынша, түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүріп жатыр.

Ұсынылатын