Алматы облысында әкесі өгей қызын зорламақ болды деген күдікке ілінді
Алматы облысында ер адам кәмелетке толмаған өгей қызын зорламақ болды деген күдікке ілінді. Күдікті қазір уақытша ұстау абақтысында отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алматы облысы ПД мәліметінше, зорлау фактісі бойынша арызды полицейлерге 1 тамызда 1966 жылы туған Ж. Есімді азамат түсірген. Ол кәмелетке толмаған қызын күйеуі зорламақ болды деп құқық қорғау органдарынан көмек сұраған.
"Сол күні арыз ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 3-1-бөлігі, 1-тармағы бойынша аудандық полицияның СДТТБТ-ға тіркеліп, соталды тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 1981 жылы туған М.-ны анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды"", – деді Алматы облысы ПД басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.