Sunday, 24 November,2024

Алматы облысында атыс болды: бір адам көз жұмған

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Алматы облысында атыс болды. Полиция 4 адамды ұстаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов жазды. Әлеуметтік парақшасында оқиғаның Іле ауданында тіркелгеніне тоқталған.

"7 қыркүйекте Іле ауданының ОАА-ға тегіс ұңғылы қарудан жарақат алған 4 жергілікті тұрғын түсті. Тағы бір адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Аталған деректер ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) және ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелді. Оқиғаға қатысушыларды полиция қызметкерлері анықтап, ұстады. Жағдайлар анықталуда", - делінген деректе.

Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Аймақтағы жағдай тұрақты және бақылауда.

Ұсынылатын