Алматы облысында балабақшалардың бірінде 3 жасар бала көз жұмды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Алматы облысы Қырбалтабай ауылынағы балабақшада 3 жасар бала көз жұмды. Бүлдіршін ашық қалған кәріз құдығына құлап кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығы Бауыржан Әленов жазды.
"13 қыркүйек күні сағат 13:08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Қырбалтабай ауылындағы балабақша аумағында ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен 3 жасар бала ауылдық ауруханада қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факт полицияда «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бабы бойынша тіркелді", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеу үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Б.Әленов тергеу барысын өз бақылауына алғанын атап өтті.