Алматы облысында бір үйдің бес адамы жұмбақ жағдайда қаза болды
Алмас Абылай
Фото
Алматы облысында әкесі және оның төрт баласы белгісіз заттан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Қарасай ауданындағы Көліащы ауылында болған. 4 мамырда тіркелген адамдар өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әзірге бес адамның неден уланғаны белгісіз.
"1984 жылы туған ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылы туған қызы және 2008, 2013, 2018 жылы туған ұлдары) қаза болды. 1985 жылы туған әйел (анасы) Шамалған ауылының Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр, реанимация бөлімінде. Алдын ала себеп - белгісіз заттан улану", - делінген хабарламада.