Алматы облысында бірнеше ауыл су астында қалды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Алматы облысындағы Талғар қаласы мен жақын маңдағы екі ауылды су басты. Төтенге жағдай ирригациялық каналдардағы су деңгейінің жоғарылауы салдарынан болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Төтенше жағдайлар департаменті дерегіне сүйенсек, 27 шілде күні кешке Талғар қаласының бірнеше шағын ауданында аулаларды су басқан.
"Оқиға орнында "Талғарирригация" МКК мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, шлюздер тазартылып жатыр. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында", – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, қалаға көршілес Кеңдала, Тұздыбастау ауылдарында да жағдай осындай. Онда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше аула аумақтарын су басқан.