Алматы облысында кәсіби міндетін атқару кезінде өрт сөндіруші қаза тапты
Алматы облысында үйдегі жалынды сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл турал Stan.kz ақпарат агенттігі жазды. Алматы ТЖД ақпараты бойынша, 25 желтоқсан күні сағат 16:56-да Алматы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт есептеулері Қарасай ауданындағы Көкөзек ауылына өртті сөндіруге шықты.
Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қаза тапты.
"Болған оқиғаның мән-жайы нақтылануда. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ТЖМ Әділет Аянұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол сауатты тұлға, өз ісінің маманы ретінде жүрегімізде мәңгі қалады", – деп хабарлады ведомстводан.