Friday, 18 October,2024

Алматы облысында медбикені жұмыс орнында пышақтап тастаған қаскөй ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматы облысының Қарасай ауданында болған оқиға көптің төбе шашын тік тұрғызды. 45 жастағы медбикені қаскөй жұмыс орнында пышақтап тастаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алған жарақаттан медбике көз жұмды. Полицейлердің мәліметінше, пышақ жарақатымен ауруханаға түскен әйелдің өмірін дәрігерлер сақтап қала алмаған. Ал қанды қылмыс 7 тамызда болған. 42 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

“Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары 42 жастағы Кошмамбет ауылының тұрғыны болып табылатын күдіктінің жеке басын анықтап, оны бір сағат ішінде “ізін суытпай” ұстады. Қазіргі уақытта аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында  сот- медициналық сараптама тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде”,- деп хабарлады полицияда.

Ұсынылатын