Алматы облысында мектеп оқушысын бесінші сыныптың балалары зорлаған
Алматы облысы Қасымбек ауылында адам шошырлық жағдай. Мектеп оқушылары төменгі сынып баласын зорлаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы ауыл тұрғындары дабыл қақты. Мәліметке сүйенсек, 2 сыныпта оқитын ұл балаға 5-ші сыныптың 2 оқушысы зорлық көрсеткен. Бұл оқиға бірінші жағдай емес көрінеді. Сол себепті де балаларына алаңдаған ата-аналар мектеп басшылығымен кездесуге келді.
Ашулы тұрғындардың арыз-шағымын тыңдауға жергілікті әкімдіктің де өкілдері қатысқан. Олар бұл жағдайға тез тұсау қоймаса, қаншама бала зорлық-зомбылықтың құрбаны болуы мүмкін деп дабыл қағып отыр.
"Әлгі 2 оқушы әлі күнге мектепте жүр. Сабаққа келеді. Біз балаларымыз үшін алаңдаймыз. Ертең олар біздің балаларымызға зиянын тигізбесіне кім кепіл? Неліктен оларды оқшауламайсыздар", - дейді ата-аналар бейнежазбада.
Аталған мәселенің толық мән-жайын анықтау үшін Алматы облыстық полиция департаментіне сұрау салдық. Ақпарат толықтырылады.