Алматы облысында мектеп оқушысын зорлаған баланың әкесі асылып өлді
Uaqyt.info
Фото pixabay
Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қасымбек ауылында ер адам өз-өзіне қол салды. Ол мұндай қадамға баласының жантүршігерлік қылмысынан кейін барған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 3-де Алматы облысында жаға ұстатарлық қылмыс болған еді. 5-ші сыныптың балалары өзінен кіші оқушыны жабылып зорлаған болатын. Куәгерлердің айтуынша, осыдан кейін күдікті балалардың бірінің әкесі суицид жасаған.
“Кеше кішкентай баланы зорлаған оқушылардың бірінің әкесі асылып өлді. Ал балалар 10 жылға сотталуы мүмкін”, - деді куәгер.
Алматы облысындағы жантүршігерлік қылмыс туралы uaqyt.info бұған дейін жазды.