Monday, 6 May,2024

Алматы облысында өртенген қамыс төрт күннен бері ауыздықталмай жатыр

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысы Балқаш ауданында қамыс төрт күннен бері өртеніп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өртенген қамысты сөндіруге әуеден 65 рет жалпы көлемі 195 тонна су төгілген. Әзірге елді мекендерге келіп тұрған қауіп жоқ. Қызыл жалынды ауыздықтауға жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарынан бөлек ауыл тұрғындары да жұмылдырылған.

"Шымтезек, жетуі қиын, батпақты жерлер және үнемі өзгеріп отыратын қатты желдің болуы өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатуда. Өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Тойшыбеков өрт оқиғасы орнында", - делінген хабарламада.

Ұсынылатын