Friday, 20 September,2024

Алматы облысында пойыз қойларды қағып кетті

Алмас Абылай
Фото Ашық дереккөзден

Орал – Алматы бағытындағы пойыз рельске шығып кеткен үш қойды қағып кетті. Соқтығыстан екі қой өлді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Көлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Шамалған стансасының тұсында болған. Соқтығыстан кейін пойыз 5 минутқа тоқтатылды. Ал тәртіп сақшылары жолға шығып кеткен қойдың иесін тауып, оған ауызша ескерту жасады.

Ұсынылатын