Friday, 22 November,2024

Алматы облысында пойызды таспен атқылаған ер адам ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматы облысында жүк пойызына тас лақтырған 34 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info

Telegram-дағы Polisia.kz арнасының хабарлауынша, 13 мамырда Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасына жүк пойызының машинисі темір жолда адамның болуына байланысты шұғыл тежеу қолданып, осылайша адамды қағып кетудің алдын алғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Пойыздың тұрағы 7 минутты құрады.

Сонымен қатар құқықбұзушы Шамалған станциясының өткелінен өтіп бара жатып жүк пойызына тас лақтырып, кейін қашып кеткен.

Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын анықталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 5-бөлігі мен 434-бабы 1-бөлігі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін Алматы облысы Қарасай аудандық сотына жолданды.

Ұсынылатын