Алматы облысында полицей суицид жасады
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Алматы облысында 31 жастағы полицей өз-өзіне қол салды. Қазіргі уақытта Облыстық полиция департаменті өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша жан-жақты тергеу бастады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Қайтыс болған азаматтың отбасылық қарым-қатынасында жеке проблемалары болған, ол да қылмыстық істі тергеу аясында тексеріледі. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеті толық жүргізіліп, жан-жақты және объектив тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындалған", - деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі.