Saturday, 23 November,2024

Алматы облысында қар көшкіні жүрді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматы облысының Асы обсерваториясының жанында қар көшкіні түсіп, облыстық маңызы бар "Түрген ауылы - Батан" автожолын басып қалды. Қазір жолда тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Табиғи апаттан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Қар көшкіні 11 ақпанда Еңбекшіқазақ ауданында болған. Жалпы көлемі 67,5 текше метр болатын қар көшкіні облыстық маңызы бар "Түрген ауылы - Батан" автожолын бөгеген.

"Қар көшкіні облыстық маңызы бар "Түрген ауылы - Батан" автожолын бөгеген. Автожолды тазарту жұмыстарын Қазселденқорғау күштері жүргізуде. Түрген өзенінің арнасы бойынша су кедергісіз өтуде. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. 2024 жылғы 1 мамырға дейін Есік қаласы Есік көлі және Түрген автожолының 15 километрінен 41 километріне және Түрген ауылы-Батан-Асы обсерваториясы автожолының 20 шақырымынан 41 шақырымына дейінгі жол жабылды", - деп хабарлады ТЖМ-нан.

Ұсынылатын