Saturday, 23 November,2024

Алматы облысында қос қызын 11 жыл бойы зорлап келген әке ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Бөлек ауылында болған сұмдық жағдай желі қолданушыларының жағасын ұстатты. 57 жастағы ер адам екі қызын 10 жылдан бері зорлап келген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жантүршігерлік ақпаратты журналист Сандуғаш Дүйсенова өзінің Facebooк-тегі парақшасында жазды. Онда қаскөй әкенің туған қыздарын бірнеше жылдан бері зорлап келгені айтылған. Бұл жағдайды 2003 және 2001 жылы туған қыздар журналистке өздері баяндап берген.

Олардың айтуынша, әкесі екеуін зорлап, қорлық көрсетіп келген. Ал біреуге шағым түсіретін болса, өлтіремін деп қорқытыпты. Қыздардың арызы және журналистің араласуымен, күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталды.

Ұсынылатын