Алматы облысында террористік идеяларды насихаттаған діни радикал ұсталды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен террористік идеяларды интернет арқылы насихаттады деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктінің тұрғылықты жерінен діни кітаптар мен өзге де заттай айғақтар табылған. Діни радикал бұған дейін де ұсақ қылмыстары үшін жауапқа тарлығаны белгілі болды.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.