Алматы облысында үйлену той кезінде ер адам автоматтан оқ жаудырды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Алматы облысында үйлену той кезінде автоматтан оқ жаудырып, көңіл көтерген есерсоқ ұсталды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Қаскелең қаласында болған. 27 жастағы жергілікті тұрғын танысының тойында еліріп, автоматтан оқ атады. Әлеуметтік желілерде тарап кеткен видел көптің жағасын ұстатты.
"Қазіргі уақытта 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, қамауға алынды. Одан АК-74 автоматы табылып, тәркіленді. Күдікті шынымен де танысының үйлену тойында бірнеше рет оқ атқан", — деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.