Алматы облысында үш жасар қыз бала зорланды
Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов мәлімдеді. Оның айтуынша, анасымен бірге тұраты ер адам үш жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталған.
“ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (жас баланы зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер). Қазіргі уақытта сараптама талдауларын белгілеумен қатар, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, бұл қылмыстық фактіні шешуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етеді. Істі тергеу менің ерекше бақылауымда”, – деді Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.