Saturday, 23 November,2024

Алматы облысында жалған полицей ұсталды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Тәртіп сақшысының киімін киген ер адамның күдікті әрекеттері алдымен әлеуметтік желілерде жарияланған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Көп ұзамай Талғар ауданында полиция 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол жанармай құю бекеттерінің біріне полиция формасын киіп барғанын мойындады.

Жауап алу барысында жігіт қаладағы әскери киім дүкендерінің бірінен арнайы форманы сатып алғанын айтты.

Жалған полицей қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Мұндай әрекеттер өз міндеттерін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан, оларға қатаң түрде тосқауыл қойылады.

Ұсынылатын