Алматы облысында жанармай құю станциясы өртенді
Өрттен 1967 жылы туған жанармай көлігінің жүргізушісі зардап шекті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Шақыру орнына ТЖД күштері мен құралдары, барлық шұғыл өзара іс-қимыл қызметтері жіберілді. Өрт сағат 20:15-те 80 шаршы метр аумақта оқшауланып, сағат 21:41-де жойылды. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өртке жақын орналасқан газ құю станциясына (30 м қашықтықта), минимаркетке (10 м) және тұрғын үй секторына (15 м) оттың таралуы мен жанармай құю цистерналарының жарылуына жол берілген жоқ», - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Өрттің себебінен 1967 жылы туған жанармай көлігінің жүргізушісі зардап шекті, ол орта дәрежедегі термиялық күйік алды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, ол ауруханаға жатудан бас тартты.