Monday, 20 May,2024

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам мерт болды

Uaqyt.info
Фото видеодан кадр

Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қайғылы оқиға 8 мамырда Алматы - Көкпек - Көктал тас жолының 41-шақырымында болды. Соның салдарынан Nissan Cefiro жүргізушісі, Mitsubishi Lancer жүргізушісі және оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша арнайы сараптамалар тағайындалды.

"Mitsubishi Lancer жүргізушісі рөлге ие болмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысты. Соқтығысу салдарынан Nissan Cefiro инерция бойынша жолдың шетінде тұрған Mitsubishi Pajero Sport пен BMW X5 көліктеріне соғылды", - деп хабарлады полиция.

 

Ұсынылатын