Friday, 18 October,2024

Алматы облысында жаппай төбелеске қатысқандар қамауға алынды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматы облысында жаппай төбелеске қатысқандар уақытша ұстау абақтысына қамалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

“2023 жылғы 05 тамызда сағат 01:05 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-на Бәйдібек Би ауылында орналасқан үйлердің бірінің ауласында 2005 ж.т. кәмелетке толмаған А. есімді жасөспірімнің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі,14-тармағы бойынша аудандық полициясында тіркелді және сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс - шаралары барысында полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар 22 бала анықтап, жеткізді. Оның 9-ы аудандық полицияның УҰИ-на қамалды.

05.08.2023 ж. сағат 00:40-та, Бәйдібек би ауылында, жастардың екі тобы, бұрында бір мектепте оқыған оқушылары арасында топтық төбелес болғаны анықталды, оның барысында кәмелетке толмаған А. оқтан жарақат алып, қайтыс болды.

Айта кетейік, қару күдіктілердің бірінің әкесіне тіркелген.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде”, - деп жазды Бауыржан Әленов.

Ұсынылатын