Алматы облысында жасөспірім қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Uaqyt.info
Фото pixabay
Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалған.
“Аталған деректі тексеру шеңберінде бірқатар сот-медициналық сараптамаларды тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін тараптардың дәлелдері жан-жақты, толық және объективті тексерілуде”, -делінген хабарламада.
Еске салсақ, 13 сәуірде Ұйғыр ауданының полициясына қызының зорланғаны жайында жергілікті тұрғын арызданған болатын. Бұл дерек ҚР ҚК 120-бабының белгілері бойынша тіркелді.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, сондай-ақ тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.