Friday, 22 November,2024

Алматы облысында жер сілкінді

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуі бүгін таңғы сағат 9:12 кезінде болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі тіркеген.

Зілзала эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 194 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, Қазақстан аумағында.

Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында 2 балдық жерасты дүмпу сезілген. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ.

Ұсынылатын