Friday, 22 November,2024

Алматы облысындағы алапат өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 сәуірде Алматы облысының Балқаш ауданында қамыс өртеніп, жалын 31 гектар орман қорына таралған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

""Аталған факт бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің Ормандарды жою немесе бүлдіру" деген 341-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, өртті сөндіру үшін тікұшақпен жалпы көлемі 387 тоннадан астам 129 су ағызу жұмысы жүргізілген. Қазіргі уақытта өрт оқшауланды.

Ұсынылатын