Алматы облысындағы қонақүйден әйелдің мәйіті табылды
                     Uaqyt.info 
                     
  
                     
  
                
                 Фото Алматы облысы ПД
                         Фото Алматы облысы ПД
                                                        Алматы облысының Қарасай ауданындағы қонақүйлердің бірінен 26 жастағы өзбекстандық әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің мәйіті 20 сәуірде табылған. Ал оны өлтірді деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды.
"Аталған дерек ҚК 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша Қарасай ауданының ЕҚДБ-да тіркелді. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша жүргізілген тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары бойынша 34 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген хабарламада.
 
             
                             
                             
                             
                             
                            


