Алматы облысының мектептерінің бірінде оқушы қыз көз жұмды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қошмамбетов атындағы мектепте 4 сынып оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алматы облысы білім басқармасының мәліметінше, оқыс оқиға 23 сәуірде болған. Оқушы қыз сабақ кезінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.
Оған алғашқы көмек көрсетілгенмен медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қала алмады.
Қазір осы дерек бойынша тергеу амалдарын бастады.
“Ата-анасы мектеп басшылығы мен жедел жәрдем қызметкерлерін әрекетсіздігі үшін және немқұрайлығы үшін кінәлап отыр. Жап-жақын жерге 40 минут бойы жете алмай әрең келді”, - делінген хабарламада.