Saturday, 23 November,2024

Алматы облысының шенеуніктері 20 млн-ға компьютер аламыз деп “қораға” кірді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мәліметінше, Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасы бір ноутбукті 598 214 теңгеге сатып алмақ болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Бір данасы үшін 497 265 теңге бағасымен 32 компьютер, бір данасы үшін 514 880 теңге бағасымен 3 ноутбук және бір данасы үшін 598 214 теңге бағасымен 4 моноблок сатып алуға конкурс жариялаған. Мониторинг кезінде аталған тауарлардың бағасы 102,78%, 77,54% және 60%-ға жоғары болғаны анықталды»,- деп хабарлады департаменттен.

Ұсынылатын