Friday, 22 November,2024

Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы сотталды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов 4,5 жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотында қалалық спорт басқармасының басшысына үкім кесілді. Ол жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Айта кетейік, Алматы қаласы Спорт басқармасының лауазымды тұлғалары 360 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

“Медеу ауданының № 2 аудандық сотының судьясы Жомарт Мұхаметжанов спорт басқармасының бұрынғы басшысын кінәлі деп тауып, мемлекеттік қызметте, қаржы ұйымдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады” – делінген хабарламада.

Ұсынылатын