Алматы тауларында ресейлік ер адамның денесі табылды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Алматы тауларынан Ресейден келген туристің денесі таылды. Ол 4 күн бұрын жоғалып кеткен екен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Төтенше жағдайлар министрлігі дерегіне сйүенсек, Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның денесі табылған. Алдын ала дерек бойынша ол төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист.
Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен болатын.
Қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық туристті құтқарады. Биылғы жылдың басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылды.