Алматы тұрғындары 2 баллдық жер сілкінісін сезді
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Алматыда тағы да жер сілкінді. Қуаты екі балл болатын жер асты дүмпуі тұрғындарға сезілген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Жер сілкінісі 15 ақпанда сағат 09:52:39-да тіркелді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан - афтершок. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,6. MPV магнитудасы - 5,2", - делінген хабарламада.