Алматы тұрғыны мылтықтан оқ жаудырып, елдің зәресін алды
Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр
Алматыда ішімдікке сылқия тойып алған ер адам үйінің терезесінен оқ жаудырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Рolisia.kz медиа-порталының жазуынша, оқыс жағдай Әуезов ауданындағы үйлердің бірінде болған. Мылтық атылып жатқанын 102 пультіне кугерлер хабарлапты. Оқиға орнына келген полицейлер 1959 жылы туған ер адамды ұстады.
"Масаң күйде ол өз атына тіркелген аңшы мылтығынан бірнеше рет оқ атқаны белгілі болды. Зардап шеккендер жоқ.Оның әрекетіне құқықтық баға тергеу барысында берілетін болады. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.