- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- Алматыда 18 жастағы қызды зорлаған төрт күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталды
Алматыда 18 жастағы қызды зорлаған төрт күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталды
Алматыда төрт ер адам 18 жастағы қызды жабылып зорлаған. Бұл туралы "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қоғам белсендісінің айтуынша, жантүршігерлік оқиға 17 қарашада болған. Әпкесінің досымен дүкенге шыққан 18 жастағы қыз кері қайтар жолда таксидің шабуылына тап болады. Жүргізуші қасындағы екі адамның көліктен түскен сәтін пайдаланып, қызды күштеп көлікке салып алып кеткен. Қазір осы дерек бойынша полиция тергеу амалдарын бастады.
"Бұл дерек бойынша Жетісу ауданының полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 121-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бір күдіктінің жеке басы анықталды. Одан бөлек, тергеу шаралары қабылданып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - дейді қалалық ПД өкілі Салтанат Әзірбек.