Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Алматыда тағы да жер сілкінді. Бұл туралы ТЖМ баспасөзі хабарлады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен өткен тәулікте 2024 жылғы 30 қаңтарда Қытай аумағында 6 жер сілкінісі тіркелді, оның біреуі Қазақстан аумағында 04:27-де сезілген. Оның эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.