Алматыда 248 шетелдік елден шығарылды
Uaqyt.info
Фото Polisia.kz
Алматыға биылғы жылдың алғашқы үш айында 21805 шетел азаматы келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көп, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz медиа-порталының жазуынша, Алматыда көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және заңсыз көші-қон арналарын жою бойынша жедел алдын алу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Алматы қалалық ПД көш-қон қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері 6472 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, соның 1738-і шетел азаматы болып шыққан.
“Әкімшілік жолмен 248 шетелдік елден шығарылды. ПД-ның қабылдап-тарату бөліміне жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 365 шетел азаматы орналастырылды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бұзған 47 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жыл басынан бері заңсыз көші-қонның 11 арнасы анықталды”, – делінген хабарламада.