Алматыда 6 жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлап кетті
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан 6 жасар бала құлап кетті. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оқиға қалалық полиция департаментінде растады. Дерекке сүйенсек, оқиға Бостандық ауданындағы үйлердің бірінде болған.
"Бостандық аудандық полиция басқармасында 2017 жылы туған баланың өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2 бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, Алматы полициясы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.