Friday, 18 October,2024

Алматыда 80 млн теңгенің электронды темекісі тәркіленді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыда 80 млн теңгенің электронды темекісі (вейп) тәркіленді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалада электронды темекіні заңсыз көтерме сатқан сауда және қойма үй-жайлары анықталды.

Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электронды темекі табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Құрметті ата-аналар! Ғалымдардың зерттеулері бойынша, вейптерді қолдану жасөспірімдердің дамуына кері әсерін тигізетінін, есте сақтау, зейінді шоғырландыру, өзін-өзі бақылау және оқу қабілетіне зиянды әсер ететінін еске саламыз.

Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, денсаулығына және оның сатып алуларына назар аударуын сұраймыз.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

 

Ұсынылатын