Monday, 16 September,2024

Алматыда әйелді пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыда қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап өлтірген 47 жастағы ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz жазуынша, қылмыс Алматыдағы Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам әйелді пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетеді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

“Бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды”, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын