Saturday, 23 November,2024

Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға тастап кеткен қаскөйге сот үкімі шықты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыда әйелдің басын базарға тастап ер адамға қатысты сот үкімі шықты. 61 жастағы қаскөй 20 жылға темір торға қамалды, - деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 12-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - деді судья Мәртпек Кәкімжанов.

Естеріңізге сала кетейік, дүйім елдің жағасын ұстатқан жантүршігерлік оқиға биыл көктемде болған еді. Алматыдағы базарлардың бірінен пакетке салынған бас табылған болатын. Кейіннен осы қылмысқа қатысы бар 61 жастағы ер адам қолға түсті.

Ұсынылатын