Алматыда әйелдің омырауына қол жүгірткен ер адам ұсталды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Алматыдағы дүкенде әйелдің омырауын ұстаған ер адам Атырауда ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті бес тәулікке амауға алынған. Айта кетейік, ол 18 тамызда дүкенде белгісіз әйелдің омырауын ұстаған болатын.
«Әйел адамның омырауына қолын салған ер адам Атырау қаласынан анықталып, ұсталды. Атырау қаласының 1988 жылғы тұрғыны өз кінәсін толықтай мойындады. Ол алкогольдік мас күйде мұндай өрескел әрекетке барған. Құқық бұзушылық әрекеті үшін ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық) 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды», -делінген хабарламада.