Saturday, 23 November,2024

Алматыда әйелін 18 жерден пышақтап өлтірген қаскөйге сот үкімі шықты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Алматыда әйелін пышақтап өлтірген бұрынғы күйеуі 11 жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қалалық соттың мәліметінше, заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша марқұмның бұрынғы күйеуі 11 жылға сотталды. Сотта айтылғандай, ерлі-зайыптылар арасындағы жанжалға мүлік бөлісу себеп болған. Ортақ шешімге келе алмағаннан кейін бұрынғы күйеуі әйелін пышақтап тастайды.

«Әйел дөрекі жауап қатып, ауыр сөздер айтып бұл мәселені талқылаудан бас тартады. Осылайша бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығады. Осы кезінде ер адам қолындағы пышақпен әйелге 18 мәрте соққы жасайды. Өмірге сәйкес келмейтін жарақаттың салдарынан әйел ауруханада көз жұмды», — деп хабарлады қалалық соттан.

Сот айыпталушыны қасақана адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып (ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлімі бойынша) 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Еске салайық, Айман Асанова 2022 жылдың 12 қазанында қайтыс болған еді.

 

 

Ұсынылатын